z-logo
open-access-imgOpen Access
Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау
Author(s) -
Шынар Манаповна Багиева
Publication year - 2020
Publication title -
international young scholars workshop
Language(s) - Persian
Resource type - Journals
ISSN - 2709-1120
DOI - 10.47344/iysw.v9i0.132
Subject(s) - computer science
Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына түсті. Ғалымдар мен қалың бұқара үш нұсқаны да қолдамады. 2019 жылдың 21 қазанында Президент Қ.Тоқаев тіл мамандарына соңғы акутты нұсқаны жетілдіру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші ғалымдардан құралған жұмыс тобы  жетілдірілген әліпби нұсқасын дайындады. Кейбір ғалымдар жетілдірілген нұсқадағы «и», «й», «у» дыбыстарының таңбалануымен келіспей, Ә.Жүнісбектің «Ұлттық әліпби» нұсқасын ұсынып, қарсы уәж білдірді. Біздің мақсатымыз – әліпби нұсқаларына (акутты, жетілдірілген, ұлттық) лингвистикалық, әдістемелік талдау жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оқытуға ыңғайлы нұсқаны көрсету. Ол үшін талдау, салыстыру, жалпылау әдістері қолданылды. Нәтижесінде үш әліпби ішінен жетілдірілген әліпби нұсқасының қазақ жазуын дамыту әлеуеті жоғары екені, сондай-ақ қазіргі жазарман мен оқырман үшін көп қиындық туғызбайтыны анықталды.Кілт сөздер: латын әліпбиі, қазақ жазуы, әдістеме.

The content you want is available to Zendy users.

Already have an account? Click here to sign in.
Having issues? You can contact us here